Шымкент қаласы ҚАЖД бастығының орынбасары сыбайлас жемқорлық күдігі бойынша ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Шымкент қаласы ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы лауазымды тұлға пара алды деген күдікке ілінді. 9 шілдеде ол өз кабинетінде ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ҚАЖД бастығының орынбасары қызметтегі қамқорлық пен келісім үшін қарамағындағы қызметкерлерді бопсалау арқылы пара алды деген күдікке ілінген.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында сотқа дейінгі тергеу ісі парақорлық фактісі бойынша қолға алынғаны айтылады. Ұсталған азамат Шымкент қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құзырлы ведомство сыбайлас жемқорлық мәселесі Ішкі істер министрлігінің үнемі бақылауында екенін және осындай фактілер орын алған жағдайда ҚР ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік бөлімшелеріне шағымдану қажеттігін де нақтылайды.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды