Есеп комитеті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сотында жеңілді

Сурет: freepik
Есеп комитетінің мамандары «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына тексеру жүргізу барысында «Зерде» холдингінің құрамына кіретін «ҰАТ» АҚ 38,2 миллион теңгеге электронды құжат айналымын қолдау бойынша дұрыс емес жұмыс актілерін қабылдағаны туралы қорытынды жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты «ҰАТ» АҚ бұл ақшаны бюджетке өтеуі тиіс.

«ҰАТ» АҚ басшылығы бұл тұжырыммен келіспей, сотқа талап арызбен жүгінген. Талап арыз Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды.

5 шілдеде өткен сот отырысында «ҰАТ» АҚ-ның талап қою талаптарын ішінара қанағаттандыру туралы шешімнің қарар бөлігі жария етілді.

Бұл ретте сот аудиторлық қорытындыны даулау жөніндегі талаптарды қанағаттандырудан бас тартты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды