АҚШ «Альфа банктің» қазақстандық еншілес ұйымына қарсы санкцияларды жұмсартты

Сурет: wikimedia
АҚШ-тың қаржы министрлігі «Альфа Банктің» Қазақстандағы еншілес ұйымымен (JSC Alfa Bank) операциялар жүргізуге рұқсат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамыр айының басында банкті «ЦентрКредит» сатып алды. Сонымен бірге ребрендинг процесі басталды. Қазір «Альфа Банктің» Қазақстандағы бұрынғы еншілес ұйымы Eco Center Bank брендімен жұмыс істейді. Екі банктің қосылуы аясында Eco Center Bank активтерді «Банк ЦентрКредит» АҚ пайдасына береді.

Прайм порталының жазуынша, АҚШ-тың қаржылық реттеушісі Ресеймен азық-түлік, тыңайтқыштар, тұқым, дәрі-дәрмек және медициналық жабдықтарға қатысты транзакцияларға рұқсат беретін бас лицензия шағырды.

Лицензия ауылшаруашылық тауарларына, ауылшаруашылық жабдықтарына, дәрі-дәрмектерге, медициналық бұйымдарға, оларға арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарға немесе медициналық құрылғыларға арналған бағдарламалық құралды жаңартуға қатысты транзакцияларға рұқсат береді. Сондай-ақ COVID-19 профилактикасына, диагностикасына немесе емдеуге және жүргізіліп жатқан клиникалық сынақтарға салынған тыйым алынып тасталды.

Қазақстан
Ресей
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды