Димаш Құдайберген жанкүйерін туған күнімен сахнада тұрып құттықтады

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Артист Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында ARNAU концерттік турынан естелігін бөлісті. Димаш сахнада тұрып, жанкүйерінің өтініші бойынша оның өзіне ғана арнап ән айтып берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода Димаштың сахнаға плакатпен шыққан жанкүйеріне құттықтау әнін шырқап берген сәті көрсетілген. Димаштың Чилиден арнайы келген жанкүйері әншіге жақындап келіп, плакатын көрсетеді. Плакатқа «16 сәуір – менің туған күнім. Оны сенімен бірге тойлауға Чилиден келдім» деп жазылған. Димаш бірден оның есімін сұрап, сахнада тұрып, жанкүйерін туған күнімен ән арқылы құттықтайды.

Арнау турынан жағымды естеліктер. Бұл тур көп нәрсені басынан өткерді. Осы турдың әр сәті, әр ел, әр қала есімде, барлық тыңдаушыларымның жүзі және әр әннен кейінгі реакциясы есімде. Бұл – қазірдің өзінде тарих, біз бен сіздің тарихымыз. Барлығы үшін рақмет, – деп жазды Димаш Құдайберген.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды