Алматыда ең танымал мұздықтардың біріне кіруге шектеу қойылды

Алматыда ең танымал мұздықтардың біріне кіруге шектеу қойылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2026 18:45 Сурет: pexels
Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әкімшілігі тау жорықтарын ұнататын азаматтарға маңызды үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үндеуде қар көшкіні қаупінің жоғары болуына байланысты Богданович мұздығында және Кіші Алматы өзені алабындағы "Шымбұлақ" курорттық аймағында белгіленген шектеулерді қатаң сақтау қажеттігі атап өтілген.

Богданович мұздығы ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқан және қорықтық режимі бар экологиялық тұрақтандыру аймағына жатады.

Мамандар қар жамылғысының қалыңдығын, аумақтың биіктігін және көшкін қаупі бар учаскелердің болуын ескере отырып, бұл аймақтарда туристер мен азаматтардың болуы өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заң талаптарын сақтау мақсатында «Іле-Алатау» МҰТП әкімшілігі төмендегіні қатаң түрде ұсынады:

• көшкін қаупі бар учаскелерге баруды шектеу;

• рұқсат етілмеген бағыттарға шықпау;

• қорықтық аймақ режимін сақтау.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: