Іле Алатауы ұлттық саябағында сирек кездесетін жабайы аң фототұзаққа түсіп қалды

Кеміргіш, үнді жайрасы, дарақ, жабайы аң, Іле Алатауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2026 22:36 Сурет: pixabay
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында орнатылған кезекті фототұзаққа ҚР Қызыл кітабына енген Үнді жайрасының (Hystrix indica) үш дарағы түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саябақ өкілдерінің айтуынша, бұл сирек кеміргіш Ұлттық парктің батыс бөлігінде мекендейді және еліміздің Қызыл кітабының IV санатына енгізілген. Қазақстан фаунасында жайра тұқымдасының жалғыз өкілі болғандықтан, оны қорғау – аса маңызды міндет.

"Мекені: 1200–1700 метр биіктіктегі жапырақты ормандар. Қыста қар аз түсетін, шөбі қалың оңтүстік беткейлерді қыстайды. Ін қазып, тасты аңғарлардағы қуыстарды паналайды. Көбіне түнде белсенді. Негізгі қорегі – өсімдіктер, тамыр-түйнек, жеміс пен тұқым. Көктемде көбейеді, қыста ұйқыға жатпайды (белсенділігі төмендейді). Бүгінде парк аумағында 32 дарақ есепке алынған. Сирек түрді және оның гендік қорын сақтау – ортақ жауапкершілік. Табиғатты бірге қорғайық!", делінген хабарламада.

Бұған дейін Каспий жағалауында 20 шақты аққудың өлексесі табылғаны белгілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: