Атырауда журналист соққыға жығылды – толық ақпарат

Сурет: pexels
19 шілде күні Атырауда «Дорожный контроль» ақпараттық порталының тілшісі Олеся Вертинскаяны өз үйінің қасында ұрып-соққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол үйден шыққан кезде оған белгісіз жігіт жақындап, көмек сұрап, кейін бетінен қатты ұрған.

Әйел соққыдан құлап қалған. Сол кезде шабуылдаушы оны тепкілей бастаған. Журналисті өтіп бара жатқан адам құтқарып қалған, ал оның ұлы жедел жәрдем шақырған. Компьютерлік томографияда журналистің мұрны сынғаны және ығысқаны анықталды.«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры

Олеся Вертинская полицияға арызданған.

Атырау облысының полиция департаменті аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

16 шілдеде журналиске белгісіз нөмірден хабарлама келіп, оған белгілі бір ЖШС мен оның иесінен абай болуды қатаң ескерткен. Сол күні әйел прокуратураға қорқыта бастағаны туралы арыз жазып, өміріне қауіп төнгенін айтқан. 13 шілдеде Вертинскаяға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, 667-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кейін журналист прокуратураға арыз жазып, прокуратура істі жойды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды