Қазақстан азаматтарына Франциямен визалық режим жеңілдетіледі

Флаги Франции и Казахстана, Франция и Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2026 13:09 Фото: Zakon.kz
Сыртқы істер министрлігінің вице-министрі Әлібек Бақаев 2026 жылғы 22 қаңтарда Сенат отырысында Франциямен визалық режимді жеңілдету мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бұрын қол қойылған адамдарды қайта қабылдау туралы келісім визалық режимді жеңілдету процесіне көмек көрсетеді.

"Мұндай келісімдер визалық режимді жеңілдету туралы келісімнің және адамдарды қайта қабылдау келісімінің жылдам жасалуына ықпал етеді. Франция – біз осындай құжаттарға екіжақты негізде қол қоятын алғашқы мемлекет емес. Екіжақты процестер көпжақты процестердің дамуына серпін береді", – деді Бақаев.

Ол осы бағыттағы жұмыстардың қазірдің өзінде басталғанын атап өтті.

"Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету мәселесіне байланысты процесс басталды. Келесі айда келіссөздердің екінші раунды өтеді. Біздің Еуропалық Одақпен жұмысымыз екі топқа бөлінеді: бір топ адамдарды қайта қабылдау келісімімен айналысады, екінші топ – визалық режимді жеңілдетуге бағытталған", – деп толықтырды Бақаев.

Еске салсақ, бұған дейін Сенат депутаттары Қазақстан мен Франция үкіметтері арасындағы адамдарды қайта қабылдау туралы келісімді ратификациялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: