Түрікменстан мен Қазақстан арасында визасыз режим енгізіледі ме - СІМ жауап берді

Паспорт гражданина РК, документы, виза, визы, визовый штамп, визовые штампы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2025 16:47 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 21 мамырда Мәжілістің пленарлық отырысында Қазақстанның Сыртқы істер вице-министрі Әлібек Қуантыров Қазақстан мен Түрікменстан арасында визасыз режим енгізу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұл мәселені депутат Серік Ерубаев көтерді. Ол визасыз режим шетелдік инвесторлар үшін қолайлы және болжамды орта қалыптастыратынын атап өтті.

"Қазақстан азаматтары үшін Түрікменстан – визалық ел. Алайда Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындары уақытша, виза рәсімдемей, 5 тәуліктен аспайтын мерзімге кіре алады. Осыған байланысты визасыз режимді енгізу қаралып жатыр ма?" – деп сұрады депутат.

Әлібек Қуантыров 2001 жылы келісім жасалып, оған сәйкес Атырау мен Маңғыстау облыстарының тұрғындары Түрікменстанға визасыз 5 күнге дейін бара алатынын еске салды.

"2016 жылдан бастап Түрікменстан тарапынан бұл мүмкіндік тоқтатылды. Осыған байланысты СІМ-ге шағымдар келіп түсуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға сапары барысында бұл мәселені көтеріп, шешімін тапты. Қолданыстағы келісімге өзгерістер енгізуге дайындалдық. Жақында Астанада консулдық консультациялар өтті. Енді бұл мәселе бойынша Түрікменстан тарапынан ұсыныстар күтіп отырмыз. Олар оны тиісті ведомстволармен пысықтап жатыр. Мәселе бақылауда", – деді вице-министр.

Бұған дейін Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыларды есептеп беретін жаңа онлайн-калькулятор іске қосылғандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: