Биыл мектеп оқушылары онлайн оқуы мүмкін бе – министр жауап берді

Сурет: pixabay
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Zakon.kz-ке берген сұхбатында «Биыл эпидемиология жағдайы нашарласа, мектептер қашықтан оқытуы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді.

Бас педагог онлайн оқытуға үзілді-кесілді қарсы екенін жеткізді. Оның ойынша, бала білімді тек мұғалімнен емес, сыныптастарынан да үйренеді.

Қашықтан оқыту болмайды деп үміттенемін. Арасында болатын шектеулерге байланысты қашықтан оқытуға үзілді-кесілді қарсымын және бұл дәстүрлі оқытумен тең келмейді деп есептеймін. Бұл жерде мәселе тек білімде емес, мұнда әлеуметтену мен әл-ауқат мәселесі де бар. Балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасауы керек. Өйткені олар мұғалім сыныпқа келіп, жаңа тақырыпты түсіндіріп бергенде ғана емес, үзілісте немесе асханада бір-бірімен араласқанда да үйренеді.Министр Асхат Аймағамбетов

– Дегенмен коронавирус жұқтыру Қазақстанда күннен күнге өсіп келеді. Оқушылар онлайн оқуға көшуі мүмкін бе?

Бәрі мүмкін. Бірақ менің ұстанымым: қашықтан оқымауымыз керек. Былтыр аурушаңдықтың жоғарылағанына қарамастан мектептерде инфекция өршімегенін көрдік. Мектепте оқыған балалар қашықтан оқитындарға қарағанда әлдеқайда аз ауырады. Өйткені мектепте тәртіп пен дисциплина көбірек. Мектептер ең соңында жабылып, бірінші болып ашылуы керек. Ал базар мен дүкендер ашық болып, мектеп жабылса, бұл дұрыс емес.Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов
Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды