Шымкентте үш жасар бала бассейнге құлап кетті: ол комада жатыр

Сурет: Шымкент ТЖД
23 шілде күні кешке Шымкентте ата-анасының қарауынсыз қалған үш жасар бала каркас бассейнге құлап кетті. Бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Қызылжар тұрғын алабында болған.

Үлкендердің қарауынсыз қалған бүлдіршін балаларға арналған каркас бассейніне құлап кеткен. Бассейннің тереңдігі 1,4 метр. Бала ауруханаға жатқызылды (жағдайы ауыр, аспирациялық синдром. Ми ісінген. Бірінші дәрежелі кома).Шымкент Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар 24 шілдеде тағы бір келеңсіз оқиға орын алды.

24 шілдеге қараған түні «Самал-3» шағын ауданындағы жеке тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала септикке құлап кеткен. Бала ауруханаға жатқызылды (жағдайы орташа, аспирациялық синдром).Шымкент Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Департамент ата-аналардан балаларын қадағалауды сұрайды.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды