Өскеменде мектеп-интернаттың директоры түрмеге тоғытылды

Сурет: Zakon.kz
ШҚО-да жетім балаларға тиесілі 12 миллион теңгені жымқырған мектеп директоры сотталды. Базарханова басшы болған 6 жылда мектепте емдік дене шынықтыру сабағы тек құжат жүзінде өткізілген. Ал емге деп бөлінген ақша басшының қалтасына кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол былай тұрсын, былыққа әбден батқан директор өз қарызынан құтылу үшін танысын жұмысқа алған. Тіпті, қарызын мерзімінен бұрын өтеу үшін оған 729 мың теңге еңбекақы төлеп, бюджет қаражатын талан-таражға салған. Кейіннен директор өз кінәсін мойындап, шығынды толық қайтарып берді, делінген Astana.tv сюжетінде.

2013-2019 жылдар аралығында емдік дене шынықтыруға бөлінген ақша қаражатын ұрлағаны, яғни мектеп директорының сабақ өткізбестен, оқу сағаттарын жүргізгені үшін ақы алып отырғаны анықталды. Нәтижесінде, балалар білікті ем алу құқықтарынан айырылған. Базархановаға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР Қаржылық мониторнигі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды