Елордалық мектептің есепшісі мен шаруашылық қызметкері 197 млн теңге жымқырған

Сурет: Zakon.kz
Елорда мектептерінің бірінде есепші мен шаруашылық қызметкері  7 жыл бойы мемлекет қаражатын жымқырып келген. Олар бұл қылмысты өздерінің қызметтерін асыра пайдалана отырып жүзеге асырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еден жуушылардың есепшотына артық ақша аударып, кейін "қателесіп кетіппіз" деп өзара бармақ басты, көз қысты іс-әрекетпен мемлекет бюджетінен түскен қаражатты бөлісіп келген. Жалпы сомма - 197 миллион теңге. Есепшілер 7 жылға бас бостандығынан  айырылды.  Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ақпаратынша, жыл басынан бері  осындай 22 қылмыстық іс тіркеліп, оның 9-ы сотқа жолданған. 15 азамат жауапкершілікке тартылған, делінеді Астана телеарнасының ақпаратында.

Ұлттық координациялық  жедел медицина жоқ аппаратураны қабылдап, соған ақша аударылған. Іс жүзінде ол аппаратуралар келмеген, қағаз жүзінде бәрі қабылданған. Осылайша Қазақстан елінің, қазақ халқының салығынан бюджетке түсетін ақша қаражаттары жымқырылып отырған. Нұр-Сұлтан қалалық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқармасының Аса маңызды істер жөніндегі жедел қызметкері Асанғазы Серғазыұлы
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды