Макрон Финляндия мен Швецияны НАТО-ға қабылдау жөніндегі хаттамаларға қол қойды

Сурет: Instagram/emmanuelmacron
Франция президенті Эммануэль Макрон Финляндия мен Швецияны НАТО-ға қабылдауға өз елінің келісім беретіндігі туралы хаттамаларға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы РИА Новости Елисей сарайына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл - Финляндия мен Швецияның жақын маңдағы қауіп-қатерге қатысты қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік беретін еркін таңдауы. Сондай-ақ аталған екі серіктес елдің мүмкіндіктерін ескерсек, ол ұжымдық ұстанымға және біздің еуропалық қауіпсіздігімізге айтарлықтай үлес қосады, делінген француз көшбасшысы әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін хаттамаларға АҚШ президенті Джо Байден қол қойып, одақтастарын Скандинавия елдерін аталған ұйымға тезірек қабылдауға шақырды. Испания, Греция, Португалия, Словакия, Түркия, Чехия және Венгрия бұл өтінімді әлі ратификацияламады, бірақ ұйымның Бас хатшысы Йенс Столтенберг аталған процедураны "соңғы жылдардағы НАТО-ға қосылудың ең жылдам процесі" деп атады.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды