Қазақстан оқушылары Индонезияда өткен олимпиададан 2 күміс, 2 қола жеңіп алды

Сурет: Telegram/AIMAGAMBETOV
Беделді олимпиадаға Қазақстаннан 4 оқушы қатысты. 90-ға жуық елден келген 350-ден астам қатысушының басын қосқан жарыста 4 оқушымыз да жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық оқушылардың әлемдік аренадағы кезекті жеңісі туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жазды.

Оралдық Жамбыл Мақсотов пен семейлік Мұхаммадариф Сахмолдин күміс, ал алматылық Ван Ли мен Таймас Қорғанбаев қола жүлдені иеленді. Осылайша қазақстандық оқушылардың 2022 жылы ең беделді халықаралық олимпиадаларда жеңіп алған медальдарының саны рекордтық көрсеткішке жетті. Қазақстан құрамасының қоржынында 27 медаль бар, оның ішінде 3 алтын, 15 күміс және 9 қола.

Биыл алғаш рет Президенттің қолдауының арқасында халықаралық жарыстардың жеңімпаздары 4,5 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйақы мен ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-да оқуға грантқа ие болады. Оқушыларымызды жаңа жоғары нәтижелерімен және лайық марапаттарымен құттықтаймын, – деп жазды Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.
Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды