Жаңаөзенде қару жасап, сатумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сот отырысы өтті

Сурет: Zakon.kz
Жаңаөзен аудандық сотының шешімімен аймақтың екі тұрғыны бес және төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылдың наурыз айында ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті Жаңаөзен қаласында қару-жарақ дайындайтын жасырын цехты жою бойынша арнайы операция жүргізген болатын.

Қылмыскерлер техникалық жөндеу орталығында тапсырыспен атылмайтын қаруды жауынгерлік қаруға айналдырған. Қылмыстық бизнестері қарқынды жүрген топтың әлеуметтік желілерде кең таралған клиенттік базасы болған.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК уақтылы қабылдаған шараларының нәтижесінде олардың қылмыстық әрекеттерінің жолы кесілді. Операция барысында 4 жауынгерлік «Калашников» автоматы, өздігінен оқталатын 1 «Симонов» карабині және 48 оқ-дәрі тәркіленді.

 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды