Түркістан облысында «грантқа түсірем» деп 1 млн теңге алған алаяқ ұсталды

Сурет: pexels
Алаяқтың құрбаны болған әйел полицияға арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, әйел «қызыңды жоғары оқу орынына грантқа түсірем » деп алдаған. Алайда ақшаны алған соң ол ұшты-күйлі жоқ боп кетті, дейді  «Астана» телеарнасының тілшісі.

Полицейлер кешенді іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні анықтады. Ол еш жерде жұмыс істемейтін Алматы қаласының тұрғыны болып шықты.

Бұл жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Күдікті Шардара ауданына демалысқа келген. Алаяқтық жолмен алған ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қазір полицейлер күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Шымкент
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды