Алматыда Үндістан медицина және ғылым академиясының бөлімі ашылуы мүмкін

Сурет: видеодан скриншот
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек International Academy of Medicine and Sciences (Халықаралық медицина және ғылым академиясы) өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің мәліметінше, академияның бас директоры Наджхаван Рупал Алматыда қос дипломдық (Қазақстан-Үндістан) бағдарламамен оқытатын ақпараттық технологиялар университетін ашуды ұсынды.

Сонымен қатар медицина, фармацевтика және биотехнология бағытында да білім беруді жоспарлап отырғандарын айтты. Бұдан бөлек елімізде емхана мен фармацевтикалық зауыттар салмақ.

Министр Саясат Нұрбек Халықаралық академия басшысына оқу орнын ашу, тіркеу жолдарын айтып, министрлік тарапынан әріптестік байланыс орнатуға әзір екенін жеткізді. Одан бөлек студенттерге арналған жатақхана салу қажет екенін де ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды