Алматы полициясы түкірген адамдардың фотосы мен видеосын жіберуді сұрады

Сурет: pixabay
Әкімшілік кодекске сәйкес, қоғамдық орындарды ластауға тыйым салынады. Қоқыс тастаудан басқа, түкіру де тәртіпті бұзуға жатады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түкірген адамдардың фото мен видеосын полицияға «102» қосымшасы арқылы жіберуге болады.

Қоғамдық тәртіпті бұзған және қоғамдық орындарды ластаған жерлерден иллюстрациялар жіберуге шақырамыз. Көрсетілген ресурс арқылы тәулік бойы 20 оператор бейне қоңыраулар, аудио немесе SMS-хабарламаларды қабылдайды. Қабылданған шаралар туралы өтініш авторларына белгіленген мерзімде хабарланады. Айта кеткен жөн, алматылықтар белсенділік танытып, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда. Қол жетімді байланыс арналары арқылы олар ұсақ құқық бұзушылықтар туралы хабар береді.Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев

Жыл басынан бері «102» қосымшасы арқылы азаматтар 500-ге жуық хабарлама жолдаған. Соның ішінде ең жиі кездесетіні – түкірген адамдардың фотосы мен видеосы.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды