Қазақстанда 1-сынып оқушылары үшін қандай жаңалық енгізілді

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда 1-сыныптарды оқытудың «сатылы» режимі болады. Мысалы, қыркүйек айында 1- сынып сабақтары 35 минуттан өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қыркүйекте үш сабақ 35 минуттан өтеді. Қазан айынан бастап дене шынықтыру және көзге арналған гимнастика қосылып, сабақтың әрқайсысы 45 минуттан болады.Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Бұрын бірінші сынып оқушыларының сабағы әрқайсысы 40 минуттан болатын еді.

Сонымен қатар бірінші сыныптарда көркем еңбек сабағы "Еңбекке баулу" және "Бейнелеу өнері" деген екі пәнге бөлінеді. 1-сыныпта оқу жылының ұзақтығы 35 оқу аптасынан тұрады.

Қазақ тілінде оқытатын мектептерде "Әліппе" және "Ана тілі" пәндері, қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде "Букварь" и "Обучение грамоте", "Казахский язык" пәндері оқытылады.Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

1-сыныпта оқушыларға баға қойылмайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды