Қостанай облысында төбелес атысқа ұласып, екі адам жараланды

Сурет: polisia.kz
Оқыс оқиға “Юбилейный” бау-бақша қоғамдастығы аумағында орын алған. Қазіргі уақытта аталған фактіге сәйкес, “Адам өлтіруге оқталу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

27 тамызда сағат 17:50 шамасында Жедел басқару орталығының 102 пультіне “Юбилейный” бау-бақша қоғамдастығы аумағында төбелес болып жатқандығы, атыс қаруы қолданылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер оқтан жараланған екі ер адамды – 31 және 25 жастағы Сарыкөл ауданының тұрғындары үстінен түсті. Жәбірленушілер дереу ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта оларға медициналық көмек көрсетілді. Денсаулық жағдайлары қанағаттанарлық деңгейде.

Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Бұған дейін де сотты болған облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны бір сағаттан кейін қаланың солтүстік бөлігінде ұсталды. Қазіргі уақытта УҰИ-ға қамалды.

Атыс қаруы тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

Сондай-ақ атыс қаруын сақтау және жасау фактілері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды