Көкшетауда 5 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Сурет: Zakon.kz
Көкшетауда бес жасар бала көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатының терезесінен құлап кетті. Бұл туралы 30 тамызда қалалық полиция бөліміне жедел жәрдем фельдшері хабарлады, деп мәлімдейді Zakon.kz.
Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу аясында полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтайды, – делінген ҚР ІІМ медиа-порталының сайтында жарияланған ақпаратта.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін хабарлады.

Диагнозы: көпжарақат, жабық бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалу, омыртқаның мойын-кеуде бөлігін, кеуде қуысын ауыртып алған, іш жарақаты. Зақымданудан 1-2 дәрежелі есеңгіреу. Реанимацияда жатыр. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Ақмолалық полицейлер ата-аналарды балалардың қауіпсіздігін қадағалап, қайғылы салдардың алдын алуға шақырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды