Еуропалық комиссия басшысының сүйікті мәстек жылқысын қасқыр тартып, жеп кетті

Сурет: Instagram/ursulavonderleyen
Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйеннің Долли атты сүйікті құлан тұқымдас мәстек жылқысын (пони) қасқыр тартып, жеп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жануардың қалған бөлшегін жұма күні таңертең саясаткердің күйеуі тапқан, деп жазады Bild газеті.

Оқыс оқиға Урсула фон дер Лейеннің отбасы тұратын үйден 100 метр қашықтықта Бургдорф Байнхорнда (төменгі Саксония) орын алды.

Оқиға орнына мал дәрігері мен ауылшаруашылық палатасының қызметкері келді.

"Бүкіл отбасымыз бұл хабарды қынжыла қабыл алдық", – деді Еуропалық комиссияның басшысы басылымға берген пікірінде.

Басылым нақтылап өткендей, саясаткер бала кезінен ат спортына әуес.

Ауылшаруашылық палатасы 10 күн бұрын Бургдорфтан алты шақырымдағы басқа фермада қасқыр тағы үш пониды талап тастағанын жеткізді.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды