Ақмола облысында өрт сөндірушілер орман өртімен екінші күн арпалысып жатыр

Сурет: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
"Көкшетау" ұлттық табиғи қорығының Зеренді филиалында өрт шықты. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, орманшылар, өрт сөндіруге ерік білдіргендерден құралған топтар, Азаматтық Қорғаныс академиясының курсанттары аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрттен қалған от ошақтарын қарауылдап жүрміз. Өрт толықтай ауыздықталды деп айтуға ерте. Өйткені "Қазгидромет" мәліметтеріне сәйкес, бүгін құрғақ, ыстық ауа райы сақталады, сондай-ақ желдің екпінді 20 м/с дейін жету ықтималдылығы хабарланды. Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев

Өрттің жалпы ауданы - 104,5 га: Степная - 89,7 га. Лесная – 14,8 га, оның ішінде орман жамылғысы – 14,8 га. Өртті сөндіруге 16 техника, жеке құрамнан 87 адам жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды