Алматы зообағында керік дүниеге келді

Сурет: Instagram/almatyzoo
Алматы хайуанаттар бағындағы Хан мен Сұлу атты керіктер жұбында кішкентай еркек жираф өмірге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Керік биыл 28 шілдеде туған. Әзірге ол әкесі мен әпкесінен бөлек анасымен бірге тұрады. Оған әлі ат қойылмапты.

Сондықтан біз кішкентай керікке ат қоюға байқау жариялаймыз. Сүйкімді жануардың түріне қарап ерекше есімдердің нұсқаларын айтыңыздар. Парақшамызға пікір қалдырып, өз ұсыныстарыңызды жазыңыздар, - деп жазды Алматы зообағы өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Бақ қызметкерлерінің айтуынша, биыл тұяқтылар бөлімінде 19 төл өмірге келді. Мамандар алда әлі жағымды жаңалықтарымыз болады деп жазды.

Зообақ – өзіне тән табиғаты бар, жануарлардың ерекше әлемі. Мұнда жануарлар өзара жұп құрып, төлдеп, көбейіп жатады. Біз зообағымыздағы жаңа төлдердің туғанын олардың кішкене өсіп, қатайғанынан кейін ғана көпке жариялаймыз, - деп жазды Алматы зообағы өзінің Instagram-дағы парақшасында.
Алматы
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды