Түркістанда пара алған екі шенеунікке бас бостандығынан айыру және айыппұл жазасы берілді

Сурет: Zakon.kz
Түркістан қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан қалалық соты 2022 жылдың 2 қыркүйегінде Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Жаманкөз бен осы бөлімнің бас маманы – есепшісі Салтанат Мәтібаеваға қатысты айыптау үкіміy шығарды.

Сот үкімімен Н.Жаманкөзге 73,8 миллион теңге айыппұл салынса, С.Мәтібаева 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды. Сонымен қатар сот сотталғандарды мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырды.ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Олар Түркістан қаласы Отырар ықшамауданында сыртқы желілерді тарту бойынша атқарылған жұмыс актілеріне ЖШС өкілінен алдын ала сөз байласу арқылы бір топ тұлғада 1,1 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Салтанат Мәтібаеваға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 74-бабы қолданылып, кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты үкімнің орындалуы 5 жылға дейін шартты түрде шегерілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды