Павлодар облысында мұнай өнімдерін жеткізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Сурет: Zakon.kz
Павлодар қаласының территориясында дизель отыны жоғары бағамен сатылған. Іс материалдары Павлодар қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотқа жолданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Қаржылық мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінен келіп түскен материалдардың негізінде, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Алиев В.Г.» ЖК, «Александров И. М.» ЖК және «Проектно-строительная компания «ГРАНД» ЖШС-ы Павлодар қаласының аумағында дизель отынын жоғары бағамен сатқанын анықтады, осылайша «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңының 14-бабының 3-тармағын бұзды, мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасынан асып кетті. ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК)

ТМРКД құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 171-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізуді қозғады. Осы баптың санкциясы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді, бұл 306 300 теңгені құрайды, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК мөлшерінде, бұл 612 600 теңгені құрайды.

Іс материалдары Павлодар қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соттың қарауына жолданды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды