Жамбыл облысының әкімі Президент сайлауында дауыс берді

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ҚР Президент сайлауында өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аймақ басшысы Тараз қаласының «Астана» (12) шағын ауданындағы №53 мектеп-гимназиясында орналасқан №50 сайлау учаскесіне барып дауыс берді.

Бұл учаскеде 2839 сайлаушы тіркелген.

Облыс әкімі бүгін ел болашағы үшін аса маңызды күн екенін атап өтіп, өңір тұрғындарын өздерінің Конституциялық құқығын пайдалана отырып, дауыс беруге шақырды.

Айта кетейік, қазіргі кезде Жамбыл облысы аумағында барлығы 493 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Оларда дауыс беру сайлау заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша таңғы сағат 7:00-де басталды.

Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды