Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 67,85 пайызы дауыс берді

Сурет: Zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясының сағат 18-00-дегі тіркелген деректеріне сәйкес, республикамыз бойынша сайлаушылардың 67,85 пайызы дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 18-00-дегі сайлаушылардың дауыс беруге келуі бойынша алдын ала мәліметтерді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов жария етті.

Жалпы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша республикамыздың 8 108 168 азаматы бюллетень алды. Бұл дегеніңіз тізімге енгізілген азаматтардың 67,85 пайызы. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған дерекке сәйкес, астана уақытымен сағат 18.00-де өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:

Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 67 учаскеде дауыс беру басталды. Шетелдегі бір учаске әлі ашылған жоқ. Шавкат Өтемісовтің дерегінше, қазіргі уақытта сайлау 10 100 учаскеде өтуде.

Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды