Екібастұздың әлеуметтік нысандарындағы адамдар Павлодарға жеткізіледі

Сурет: Zakon.kz
Жергілікті билік адамдарды тасымалдау үшін автобустарды дайын ұстап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Екібастұздағы жылу желілеріне қатысты сағат 14:30-дағы жағдай бойынша есеп берді.

Әкім әлеуметтік нысандарды аралап шықты. Жергілікті билік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығындағыларды Павлодарға көшіру туралы шешім қабылдады.

"Ауруханалар бойынша, әзірге біз автобустарды дайын ұстап отырмыз, тасымалдау қажеттігі туындап жатқан жағдайда ғана деп. Жақын арада штаб отырысын өткіземіз". Әбілқайыр Сқақов

2022 жылы 27 қарашада ЖЭО-да сағат 01.30-да жылу желілеріндегі ақауларға байланысты Екібастұз қаласы жылусыз қалды. Облыс әкімі таңертең оқиға орнына келіп, арнайы штаб құрды. Ақауларды жөндеу жұмыстарына 20 шақты бригада жұмылдырылып жатыр.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды