Дархан Жазықбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы болып қалды

Сурет: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
28 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Дархан Жазықбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалсын, - делінген Ақорда хабарламасында.

Дархан Жазықбаев 1976 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, ҚР Ішкі істер министрлігінің Қостанай заң институтын бітірген. Мамандығы философ, философия пәнінің оқытушысы, заңгер. Философия ғылымдарының кандидаты.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын Алматы заң институтында, содан кейін Ішкі істер министрлігінің академиясында оқытушы болып бастаған. Ішкі істер министрлігінің аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Парламент сенаты Аппаратының Әкімшілік бөлім меңгерушісінің орынбасары, Кадр жұмысы және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі болған. Парламент сенаты Аппараты Басшысының орынбасары, президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалған.

2019 жыл маусым 2022 жылдың қаңтар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2022 жылғы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы қызметіне тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды