Марат Омаров Бостоннан сәлем жолдады

Сурет: Instagram/marat_omarov_kz
Марат Омаров өзінің Instagram-дағы парақшасында АҚШ-тағы өмірін көрсетіп жүр. Жақында әнші Бостоннан бүкіл бауырларына сәлем жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Рухым барда арым таза. Жүрек барда жаным таза. Өзі текті, жүрегі түкті, рухы биік, иманы күшті ол - қазақ. Мен - Марат Омаров Бостон қаласындамын. Менің мақсатым - бүкіл әлемдегі қазақтардың басын бірлікке, ынтымаққа және достыққа шақыру" - деді Марат Омаров Instagram-дағы парақшасында жарияланған видеода.

Марат Омаров Бостон қаласында концерт өткізгенін де айтты. Сонымен қатар әлемде аты аңызға айналған Мұхамед Әлидің немересі, атақты боксёр Никомен бірге түскен фотосын да жариялады.

Оған қоса әнші Бостон қаласының терезеден көрінісін, Атлант мұхитының бір бөлігін көрсетті.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды