Павлодарда өрт сөндірушілер өртеніп жатқан ғимараттан бірнеше газ баллонын алып шықты

Сурет: ҚР ТЖМ
5 желтоқсанда Павлодарда бірқабатты өндіріс ғимаратында өрт шықты. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер бірнеше газ баллоны үстінен түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жағдайдың қиындауына жол бермеу мақсатында өрт сөндірушілер оқиға болған жерден 5 газ (27 л.) және 2 оттегі баллонын шығарды.

Қызыл жалын шамамен 250 шаршы метр алаңға тараған.

Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылы арқасында өрт көрші ғимараттарға таралған жоқ. Сондай-ақ өрт сөндірушілер келгенге дейін 13 адам өз бетінше оқиға орнынан эвакуацияланды. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жалын сағат 17:29-да оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге 35 өрт сөндіруші мен 7 бірлік өрт техникасы, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта өрт оқшауланды. Тілсіз жауды сөндіру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр.

Сурет: ҚР ТЖМ

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды