Астанада кәріз қақпақтарын ұрлайтындар аумақты 10 күн бойы барлап жүрген

Cурет: pixabay
Полицияға Elorda Eco System ЖШС-дан белгісіз біреулердің кәріз қақпақтарын ұрлау фактісі бойынша арыз келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz

Аталмыш факті бойынша кәріз қақпақтарын ұрлады деген күдікпен астананың 30 және 35 жастағы екі тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

"Тергеу барысында анықталғандай, ер адамдар өздерінің көліктерімен (Газель және Kia Rio) түнгі уақытта Медеу, Қарталы, Оқжетпес, Ұлытау және Баршын көшелерінің аумағына 10 күн бойы келіп жүрген. Cодан кейін олар бөгде адамдардың жоқтығына көз жеткізіп, ұрлық жасаған", - делінген Polisia.kz таратқан хабарламада.

Күдіктілер жалпы 16 дана металды ұрлап үлгерген. Оларды металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырған. Металдарды өткізу сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Ер адамдар кінәсін мойындады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды