Атырауда балық тиеген кеме мұз құрсауында қалып кетті

Сурет: pixabay
Құрманғазы ауданынан шығып Атырауға бет алған кеме 27 қарашада Жайық өзенінде судың таяздығына байланысты жүрісін тоқтатты. Оған қоса аяз күшейгенде мұзға жабысып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеме мен балық облыстағы балықшы кооперативтердің біріне тиесілі. Олар 7 тонна балық пен бағасы 500 мың АҚШ доллры тұратын кемені вахталық әдіспен күзетіп тұр. Кеме қайырлаған аумақта судың тереңдігі 1 метрге жетпейді және ол бауырлап қатып қалған. Сондықтан балық иелері үшін көктемді күтуден басқа амал жоқ, деп хабарлайды "Хабар 24".


Кемені мұз құрсауы қыспау үшін күн сайын таңертең мұз оямыз. Мұз қысса кеменің корпусын жарып жібереді. Сондықтан, күнде ойып тұрамыз. Күн сайын таңертең, кей кезде 5 см қалың болып қалады түнімен. Бүгін 3 см болды. Аяз сәл сынып келеді. Кеме капитаны Иван Павлович
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды