Астана қаласында екі күндік Qogam Fest жастар жобасы басталды

Сурет: Qogam Fest
Жобаның мақсаты – түрлі әлеуметтік-мәдени топтардың жастарына арнап бірлік пен келісім қағидаттарына негізделген бірыңғай мәдени кеңістік жасау. Іс-шараға хип-хопперлер, көше бишілері (брейк-дансерлер), футбол фристайлының, стритболдың өкілдері, паркуристер және т. б. қатысты.

Жобаны салтанатты ашылуында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Қыдырәлі және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары сөз сөйледі.


Сурет: Qogam Fest


Министр: Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: "Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек" дегені белгілі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өз кезегінде жастардың жан-жақты дамуына, әлеуеті мен мүмкіндіктерін шыңдауға қолдау көрсетіп келеді.

Қазіргі таңда жастар арасында түрлі әлеуметтік-мәдени топтар қалыптасқан. Субмәдениет этникалық топтарға бөлінбейді, керісінше талант, стиль және жалпы өмір салты бірінші орынға шығады.

Елімізде қалыптасқан бірлік пен келісім негіздері жастар үшін бірыңғай мәдени кеңістікті қалыптастыруға мүмкіндік береді", – деді. 


Сурет: Qogam Fest

Қатысушылар екі күн ішінде барлық ұсынылған пәндер бойынша мамандандырылған алаңдарда жарысады, сондай-ақ, өз дағдыларын дамытып, кәсіби тәжірибелерін айтып береді. 


Сурет: Qogam Fest

18 желтоқсан күні сағат 19.00-де жеңімпаздарды марапаттау және фестивальдің жабылу салтанаты өтеді.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды