Шойгу Ресей армиясына шақыру жасын ұлғайтуды ұсынды

Сурет: kremlin.ru
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу ресейліктердің әскерге шақырылу жасын кезең-кезеңімен 18 жастан 21 жасқа, ал шекті жасты 30-ға дейін көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ұсынысты ол Қорғаныс министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында айтты.

Шойгудың сөзінше, бұл бастама НАТО Ресей шекараларында, оның ішінде Швеция мен Финляндия есебінен "әскери әлеуетті" ұлғайтуға ұмтылып жатқандықтан, Ресейдің қауіпсіздігін нығайту үшін қажет.

Бұдан бөлек министр Қарулы күштердің қуатын 1,5 миллион әскери қызметкерге, оның ішінде келісімшарт негізінде шақырылатын сарбаздар санын 695 мыңға дейін арттыру қажет деп санайды.

РФ Қорғаныс министрлігінің басшысы Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің екі түраралық стратегиялық аумақтық бірлестігін – Мәскеу және Ленинград әскери округтерін құруға шақырды. Сонымен қатар ол екі жаңа десанттық дивизия құру жоспарланғанын айтты.

Ресейде әскерге шақыру жасы 18 бен 27 жас аралығы. Осы талап бойынша жасы келмейтіндерді әскери қызметке шақыру әрекеті заңсыз деп танылады.


Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды