Петропавлда TikTok-тағы танымал видеоның кейіпкері марапатталды

Сурет: ҚР Ұлттық ұлан академиясы
ҚР Ұлттық ұлан академиясы Петропавлда көшеде өзін әлеуметтік экспериментте жақсы көрсеткен курсант Санжар Ақанұлын марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арнайы артист қыз өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұрап, қасындағы жігіт оны ұратынын айтқан. Осы сәтте курсант Санжар Ақанұлы ғана жәбірленушіні жақтап, қасында қалып, "тираннан" құтқаруға талпынған. Жігіттің батылдығы мен табандылығына TikTok аудиториясы таңданып, жақсы лебізін білдіріп жатыр. Бұл видеоны бес миллионнан астам адам қараған.

Академияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, курсант Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Қайрат Үмбетовтің Алғыс хатымен марапатталды.


19 желтоқсанда Қарағанды ​​облысының тұрғыны интернет арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғаны хабарланған еді. 31 жастағы ер адам TikTok арқылы алматылықтарды алдап кеткен.

Петропавл
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды