Украинада миллиондаған адам жарықсыз отыр

Сурет: Украина президентінің ресми интернет үкіметі
«Мәскеу 2022 жылдың соңғы күндерін Украина үшін «қараңғы және қиын» етуді көздейді». Украина президенті Владимир Зеленский осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зеленскийдің сөзінше, Ресейдің шабуылдарынан миллиондаған адам жарықсыз отыруға мәжбүр. Қазан айынан бері үздіксіз әуе шабуылдары болғаны белгілі. Бұл елдегі энергия өндіру жүйесіне орасан зиянын тигізіп келеді. Кремль көздеген мақсатына жеткенше күресетінін мәлімдесе, Киев өз жерінен соңғы ресейлік сарбаз шыққанға дейін тоқтамауға бел буған, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысқа қатысты барлық тараппен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. «Алайда Киев пен оның Батыстағы қолдаушылары бұдан бас тартып отыр»,- деп мәлімдеді Кремль басшысы.      

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды