Ақтөбелік ерлі-зайыпты мефедрон сақтағаны үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады

Сурет: Ақтөбе облысы полиция департаменті
Ақтөбеде ерлі-зайыптыдан 1,5 келі мефедрон тәркіленді. Полицияның Zakon.kz сайтына хабарлауынша, енді олардың мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ерлі-зайыптылар 23 желтоқсанда ұсталған. Тінту кезінде олардан есірткі заттары тәркіленді.

"Тұрғылықты жері мен жалға алынған гаражды тінту кезінде ақ түсті ұнтақ заты бар полиэтилен пакеттері табылды. Сараптама қорытындысына сай тәркіленген зат - салмағы 1,5 келі мефедрон".Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Сонымен қоса полицейлер аталған факті бойынша  ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Қараша айында Алматы полициясы синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркілегені белгілі болды.




Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды