Астанада қайырымдылық қоры балаларға арналған пансионат атын жамылып, уағыз жүргізген

Сурет: polisia.kz
Астана полиция департаменті қалада жұмыс істейтін қоғамдық қайырымдылық қорлардың аз қамтылған отбасы балаларына арналған пансионаттар атын жамылып, діни артықшылықты насихаттады деген күдікпен қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, осы қорлардың бірінің қызметкері қалың көпшілікке ашық уағыздар жүргізіп, онда басқа конфессияларды ұстанатындардың діни сезімдері мен ұлттық дәстүрлері қорланды. Аталған қор пансионаттарында заңды бұза отырып, кәмелетке толмаған тәрбиеленушілер арасында шетелдік уағызшылардың діни догмалары таратылды.

Пансионаттарда жүргізілген тінтулер діни сипаттағы шетелдік оқу материалдарының барын, сонымен бірге балалардың діни жоралғыларға жүйелі түрде тартылғанын растады. Бұл рәсімдер балаларды қазақстандық қоғамның ұлттық дәстүрлері мен құндылықтарынан алшақтатуға бағытталған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр, басқа мәліметтер жария етілмейді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды