1,5 жасар бала сәбізге қақалып, көз жұмды

Сурет: pixabay
Батыс Қазақстан облысында 1,5 жасар бала сәбізге қақалып, көз жұмды. Анасының сөзінше, баласы шикі сәбіз жеп отырғанда қақалып қалған.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, әйел ұлының арқасынан қағып, сәбіздің бір бөлігін шығарғанымен оның тыныс алуы қиындаған.

Әйел кейін баласын ауруханаға жеткізген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, балаға сот-дәрігерлік сараптама жасалған. Дәрігерлер баланың тыныс алу жолы бөгде затпен бітеліп қалғаны себепті тұншығып қайтыс болғанын мәлімдеді. 

"Бала ауруханаға жеткізілген кезде тіршілік белгілері байқалмады. Жүрек соғысы тоқтап, тыныс алмады. Сол жерде бірден жедел жансақтау шараларын жүргіздік, бірақ осыған қарамастан, жарты сағаттан кейін биологиялық өлім тіркелді".Еркін Боранбаев, дәрігер

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды