Астаналық полицейлер 24-қабаттан секіргелі тұрған ер адамды құтқарып қалды

Сурет: pixabay
Астана қаласында 24-қабаттың балконынан секірмек болған 28 жастағы жігітті полицейлер аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz порталының жазуынша, полицияның “102” арнасына түн ортасында Сарайшық көшесіндегі көпқабатты үйдің балкон қоршауында ер адам секірмек болып отырғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына келген Астана қаласы полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің жасағы жағдайды бағамдап, тез арада жоғары көтерілді. Осы кезде полицейлерді байқаған жігіт айқайға басқан.

Полиция қызметкерлері оны сөзге айналдырып, оңтайлы сәт туғанда, жанына жүгіріп барып, балконның ішіне тартып кіргізді.

Сонан соң полицейлер жігітті қауіпсіз жерге апарып, тыныштандырған.


Секірмек болған ер адам Есіл ауданының полиция басқармасына жеткізілді.

Жас жігітті мұндай іс-әрекетке не итермелегені әзірге белгісіз.

Ведомство өкілдері психологтармен бірлесіп онымен профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлады.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды