Алматыдағы коммуналдық қызметтер түні бойы қар тазалайды

Сурет: Алматы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы
Алматыда қар жауа бастағаннан бастап 530 текше метр қар шығарылды. Қардың қалыңдығы 8-10 сантиметр, таулы аймақтарда 14 сантиметрге дейін жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы хабарлауынша, көлік ағынының тығыз болуына байланысты жолдың бойымен толығымен қамтып өтетін қар тазалаушы машиналар колоннасы көліктер азайғаннан кейін түнгі уақытта жұмыс істейді.
"Әр ауданда 2 колонна жұмыс істейді, одан кейін көктайғаққа қарсы материалдар қайталап себіледі. Көктайғақтың алдын алу мақсатында 143 құмшашқыштың күшімен жолға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр. Осы уақытқа дейін 1 827 тонна материал пайдаланылды", - деп хабарлады басқармадағылар.
Түнгі уақытта қала көшелерінде 460 арнайы техника мен 360 жұмысшы қызмет етеді.

Қазгидрометтің болжамына сәйкес, 11 қаңтарда күндіз 10-12 градус аяз болады.
 

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды