Алматы оқушылары мен колледж студенттері ауа райына байланысты қашықтан оқиды

Сурет: primeminister.kz
Алматы қаласының білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар мен колледж студенттері онлайн оқитынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы қаласының білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты 2023 жылғы 12-13 қаңтарда 0,1-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің I, II курс студенттері қашықтан оқыту талаптары мен ережелеріне сәйкес қашықтан оқытуға көшетінін хабарлайды", - делінген Алматы әкімдігі хабарламасында.

Алматыда қар әлі жауып жатыр. 10 қаңтар күні түсте Алматыда қар жауа бастады. Ауа райы болжамы бойынша, қар тағы бір күн жауады. Қала әкімдігі 11 қаңтар күні таңертең қалада қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатқаны жөнінде ақпарат берді


Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды