Өзбекстан халқы аяз кезінде отқа жылынып, аулада тамақ пісірді

Сурет: Twitter/Alex79628990
Өзбекстанда қалыптан тыс аяз салдарынан тұрғындар жылу пункттерін пайдалануға мәжбүр. Олар тамағын аулалардағы отқа пісіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желіде Өзбекстандағы аяздың салдары жарияланды.

Ташкентте электр, жылу және газбен қамтуда үзіліс бар. Тұрғындар далаға шығып, отқа тамақ пісіре бастады. Қалада жылжымалы жылу пункттері де ашылды.



Бұған дейін Ташкент қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бахтиёр Рахманов бір аптада тұрғындардың электр қуаты мен газға деген қажетін қамтамасыз етуді, сонымен қатар апаттарды бірден  жөндеуді тапсырған еді.

16 қаңтарда жылу және электр қуатымен қамтамасыз етудегі жағдайға байланысты Өзбекстан президенті Ташкент басшысы мен бірнеше компания басшыларын жұмыстан босатқаны белгілі болды.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды