Мемлекет басшысы Рудный тұрғынының пәтеріне бас сұқты

Сурет: видеодан алынды
Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үйлерге жылудың қайта берілгенін өз көзімен көру үшін Рудный тұрғындарының бірінің шақыруымен оның пәтеріне барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала тұрғыны Олеся Геря жылу беру жұмысын жедел атқарғаны үшін барлық қызметкерге алғысын айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловқа барлық коммуналдық нысанның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды.


21 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында өңірдің бірқатар өндірістік кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандарына бару жоспарланған болатын.

Президент өңір басшылығының апаттың салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу туралы баяндамасын тыңдады.

Содан кейін Мемлекет басшысы Үкіметке, облыс пен қала әкімдеріне осы мәселемен айналысуды тапсырғанын мәлімдеді.

Қостанай
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды