Алматы және еліміздегі тағы 4 қалада ауа сапасы нашарлайтыны болжанды

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 28 қаңтарда Қазақстанның бес қаласында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған республикамыздың ауа бассейнінің жай-күйі бюллетеніндегі деректерге сәйкес, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Жезқазған және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар белең алатыны болжанады. 

Мамандар бұған атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (күннің желсіз тымық болуы, тұман, инверсия) үйлесуі жағдайы түрткі екенін түсіндірді.

Мұндай жағдайларда аталған елдімекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін.

Ауаның ластану деңгейін анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы, ауа температурасы көрсеткіштері).

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды