Кісі жалдап, пәтерін тазалатпақ болған елорда тұрғыны опық жеп қалды

Сурет: Zakon.kz
Астанада полиция қызметкерлері алтын бұйымдарды ұрлады деген күдікпен 39 жастағы әйел адамды анықтады. Белгілі болғандай, қаскүнем "үй қызметкері" болып жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол киім ауыстыратын бөлмені жинастырып жүрген уақытта алтын бұйымдарды байқап, оны жымқырған. Ұрлық жасалған сәтте үйде адамдар болған. Жұмыс беруші полицияға хабарласқан. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеге бағаланып отыр.

"Полицейлер ұрланған заттардың барлығын тапты. Анықталғандай, ұры оларды ломбардқа тапсырған, алтын бұйымдар сол жерден тәркіленді. Қылмыстық жолмен саналы түрде алынған мүлікті иемдену немесе сату қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын естеріңізге саламыз". Есіл аудандық ПБ бөлім бастығы Сәкен Алауханов

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Әйел адам кінәсін мойындап, оның елордада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды