Президент әкімшілігінің бұрынғы қызметкері жаңа қызметке тағайындалды

Сурет: akorda.kz
Қостанай облысы әкімінің жаңа орынбасары болып Ринат Мұхаметқалиев тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарған, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол 2023 жылғы 27 қаңтардан бастап облыс басшысы Құмар Ақсақаловтың өкімімен облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

"Ринат Мұхаметқалиев әлеуметтік сала мәселелеріне жауапты болады". Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ринат Мұхаметқалиев 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шалқар ауылында дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы – заңгер.

Еңбек жолын жеке және мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеуден бастады (2002-2004). Ол әр жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнама департаментінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы қызметтерін атқарды (2004-2009). Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңдық актілер департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды (2009-2010). Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі, меңгерушісінің орынбасары (2010-2021 жж.) болды. 2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы.

Жаңа тағайындалғанға дейін 2022 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды.

Қостанай
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды